Астанадағы ақылы тұрақтардың жағдайы не болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы ақылы тұрақтардың жағдайы не болады? Фото: Астананың тұрақ кеңістігі

Астанада ақылы тұрақтарды мемлекет бақылауына беру процесі аяқталуға жақын. Әкімнің орынбасары Ерсін Өтебаевтың айтуынша, келісімге қол қойылып, жазға дейін елорданың автотұрақ жүйесі толығымен мемлекет бақылауында болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта өткізіп беру процедурасы жүріп жатыр. Біз жұмысты жаздың басына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", – деді Өтебаев маслихат сессиясында.

Реформа камераларды орнатуды, басқарудың жаңа жүйесін енгізуді және көліктерді эвакуациялауды қамтиды. Өзгерістер ең алдымен елорданың кептелісі көп аудандарына әсер етеді.

"Бірінші кезеңде Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы бос тұрған тұрақ орындарын тиімді пайдалану мәселесін қолға алады. Біз автотұрақ аймақтарын үш санатқа бөлдік, алдымен халық көп шоғырланған аудандар реттеледі. Әкімшілік бақылау күшейтіледі: камералар орнатылады, эвакуациялау жүйесі енгізіледі. Ақылы тұрақтарды мемлекеттік компания басқаратын болады", – деп түсіндірді Өтебаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети