Астанадағы банкте адамдарды кепілге алу ісі сотқа жолданды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы банкте адамдарды кепілге алу ісі сотқа жолданды Фото ©️ Tengrinews.kz

Астанадағы Kaspi филиалында адамдарды кепілге алу ісі сотқа жолданды. Ақпаратты елордалық соттың баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы Kaspi филиалында адамдарды кепілге алу ісі сотқа жолданды. Ақпаратты елордалық соттың баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында.

"Қарау күні әлі белгісіз", - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше қызметкерді кепілге алғаны хабарланған болатын. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кейін Kaspi Bank өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, кепілге алынғандар арасында банкке келушілер жоқ.

Ішкі істер министрлігі өкілдері Kaspi Bank-те неше адам кепілде отырғанын мәлімдеді. Кейінірек ер адам 7 адамды кепілге алғаны белгілі болды.

"Ер адамның оқ өтпейтін жилет кигені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ, оқиға орнында "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз. Әскери қызметкерлер арнайы операцияға қатысқан жоқ. Біз азаматтарды ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз", - деді ІІМ өкілдері.

Кейін кепілге алынғандардың сыртқа шығарылғаны, оқиға орнына қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов барғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети