Астана әкімдігінің ресми сайтына 93 жастағы Зоя Павловна Лащенованың немерелерінен хат келіп түскен. Хатта соғыс ардагерінің немерелері Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтан апасының тегінде кеткен қатені жөндеуді сұрапты. Соғыс ардагерінің суреті бар екі билборд Астана көшелеріне орналастырылған деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Иманғали Тасмағамбетовқа хат жазған қарияның туыстары, ең алдымен, әкімді ардагерлерге қолдау білдіргендігіне ризашылығын айтқан. Олар Ұлы Отан соғысының ардагері боп табылатын апасы Зоя Павловна Лащенова өзіне көрсетілген мұндай құрмет пен марапатқа өте разы екенін жазады.
"Көптеген мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың өкілдері апамызды құттықтап келді. Әсіресе, оған "ҚазМұнайГаз" АҚ-пен ұйымдастырылған концерт қатты ұнады" делінеді хатта. Ал одан кейін Лащенованың немерелері билбордта кеткен қатені түзеуді сұрапты.
"Апамыздың және оның туысқандары - біздердің көңілімізді бір нәрсе күпті етті. Астрахан трассасы бойында ("Астра" сауда орталығы жанында) және паркте ("Қазақстан" СК артында) орналасқан апамыздың суреті бар билбордтарда оның фамилиясы дұрыс көрсетілмепті. Сізден осы қателікті түзеуді сұраймыз. Тағы да мерекеңізбен, Сізге сәттілік тілейміз!!!" делінеді жолдау жазбада.
Соғыс ардагерінің суреті бар билбордта "Лащенова" деген нақты фамилиясының орнына "Лащенко" деп жазылып кетіпті.