Астанадағы Боранбаевтың бұрынғы қонақүйі кімге берілгені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы Боранбаевтың бұрынғы қонақүйі кімге берілгені белгілі болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана әкімдігі Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген Comfort Hotel Astana қонақүй кешенін кім басқаруына алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігі Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген Comfort Hotel Astana қонақүй кешенін кім басқаруына алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қонақүйді сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттық барысында бір өтініш – "Invesco PowerShares Capital Management" ЖШС-нен түсті, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұлттық статистика бюросы сайтындағы мәліметке сәйкес, компания Қазақстанда 2021 жылы тіркелген. "Invesco PowerShares Capital Management" ЖШС экономикалық, бюджеттік және стратегиялық жоспарлау саласындағы пәнаралық зерттеулер мен әзірлемелермен айналысады. Шағын бизнеске жатады.

Чикагоға жақын жерде орналасқан Invesco PowerShares деген ірі америкалық инвестициялық басқару компаниясы да дәл осылай аталады. Ол биржалық қорларды басқарады.

Тендер шарты бойынша, тіпті бір қатысушыға да саудаласуға рұқсат етілген. Тендердің жеңімпазы 3 920 000 000 теңгеге қонақүй кешенін алды. Аукционның кепілді жарнасы 587 миллион ​​914 мың теңге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети