Астанадағы дауылдан келген шығын көлемі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы дауылдан келген шығын көлемі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Брифинг кезінде Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайды ескерту бөлімінің басшысы Еркін Отарғалымұлы дауылдан келген шығын әлі де есептеліп жатыр, дегенмен алдын ала есеп жасалды.
"Шығын есептеліп жатыр, әлі аяқталған жоқ. (...) Кеше зардапты жою штабының жедел кеңесі өтті, тапсырмалар беріліп, барлық ақпарат өңделді. Бүлінген жерлерді қалыпқа келтіру үшін шамамен 235 миллион теңге қажет", - дейді ол.
Еске салайық, 22 мамырда Астанада жауын басталып, артынан қатты дауыл болып, бұршақ жауған. Қала тұрғындары барлығын видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 22 мамырда елорда аумағында жел жылдамдығы секундына 25 метр болған. Ал дауыл салдарынан 13 адамның зардап шеккені хабарланды.
Ал "112" жедел қызметіне түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған: кранның құлағанытуралы, шатыр, қоршау, үй, мектеп, балабақша мен өзге де ғимараттардың сыртының қаптамалары ұшқаны жайында. Сонымен қатар, түрлі заттардың құлауынан 16 көлік бүлінгені де хабарланған.