Елордадағы океанариум сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Думан" орталығының сатылатынын жөнінде мәлімет gosreestr.kz сайтында пайда болды.
Елордадағы океанариум сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Думан" орталығының сатылатынын жөнінде мәлімет gosreestr.kz сайтында пайда болды.
Хабарландыруда сауда түрі электрондық тендер деп көрсетілген. Лоттағы бастапқы баға 3 403 306 144 теңге. Саудаға қатысатындар үшін кепілдікті жарна - 63 миллион 630 мың теңге. Сатылым биыл 12 сәуірге белгіленген.
Электронды сауда алаңында жарияланған мәліметте тендерлік (конкурстық) шарттар көрсетілген.
"Объекті қызметінің бағдарын, атап айтқанда - балалар және ересек тұрғындар үшін кемінде 10 жыл мерзімге ойын-сауық қызметтерін сақтау. Объектідегі океанариум мен "Джунгли" аттракционының жұмысын кемінде 10 жыл мерзімге, оның ішінде океанариумда тропикалық (акулалар, Амазонка, Оңтүстік-Шығыс Азия бассейнінің өкілдері) және жергілікті балықтардың түрлерін мөлшерде және әр алуандылықта, келушілер үшін қызықтыратын болуына, сондай-ақ теңіз суының қажетті көлемін, жарықтандыру шарттарын, судың сапасын, судың қимылын, теңіз суында макро және микроэлементтерді күтіп-ұстауды сондай-ақ құрылыстың өзінің микроклиматын қоса алғанда океанариумның бірегей өмір тіршілігінің жүйесін сақтау. Ветеринария, ихтиология және суға сүңгу қызметі саласында океанариумның тиісті жұмыс істеуін сақтау үшін қажетті, тиісті салада еңбек өтілі бар мамандары болуы керек", - делінген жарияланған хабарландыруда.
Сонымен қатар, хабарландыруда сауда-саттық орталығының "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" Мемлекеттік мекемесінің балансында тұрғаны көрсетілген. Сатушы - "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" Мемлекеттік мекемесі.