Астанадағы EXPO құрылысына қатысты заңбұзушылықтар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы EXPO құрылысына қатысты заңбұзушылықтар анықталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанадағы EXPO алаңында құрылыс нормаларын бұзу фактілері анықталды. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы EXPO алаңында құрылыс нормаларын бұзу фактілері анықталды. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұрынғы көрме кешені аумағында әлі де тексеру жүргізіліп жатыр. Нақты қандай заңбұзушылықтар анықталғаны әзірге белгісіз.

"Тексеріс жүргізілді, менің білуімше, Бас прокуратура жүргізді. Ол әлі аяқталмаған, сондықтан мен пікір бере алмаймын, бірақ заңбұзушылықтар анықталды. (...) Тексеру нәтижесі әлі жарияланған жоқ, сондықтан әлі де жүргізіліп жатыр деп ойлаймын", - деді Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ брифингінде.

Nur alem павильондары мен сферасы 2017 жылы EXPO "Болашақ энергиясы" көрмесіне арнайы салынған. "EXPO-2017" көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты. Шараға 4 миллионға жуық адам қатысты, оның 500 мыңы басқа елдерден келген.

Халықаралық көрме аяқталғаннан кейін EXPO павильондары кеңсе ретінде жалға беріліп, кейбірінде ойын-сауық орындары ашылды. Сфера мұражайға айналды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети