Астанадағы жаңа ауданға қандай атау берілуі мүмкін?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы жаңа ауданға қандай атау берілуі мүмкін? Фото:instagram.com/altay_kulginov_official

Елордадағы қалалық мәслихаттың қоғамдық тыңдауларында Астанадағы жаңа аудан атауының нұсқалары белгілі болды, - деп, хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордадағы қалалық мәслихаттың қоғамдық тыңдауларында Астанадағы жаңа аудан атауының нұсқалары белгілі болды, - деп, хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық Тілдерді және мұрағаттарды дамыту басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, ономастикалық комиссия отырысында жаңа аудан атауына екі нұсқа таңдалған: Нұра және Қараөткел.

"Біз сарапшылармен бірнеше кездесу өткіздік және бірқатар нұсқаны талқыладық және ономастика комиссиясы отырысына екі нұсқаны шығардық. Бірінші нұсқа - Нұра, бұл Ақмола және Қарағанды облыстарындағы өзен. Екінші нұсқа - Қараөткел. Бірақ қазақ грамматикасына сәйкес қатарынан тұрған екі дауысты дыбыс айтылуды қиындатады. Сондықтан Нұра нұсқасын ұсынамыз", - деді Сәкен Есіркепов.

Өз кезегінде елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов жаңа аудан әкімдігінің аппаратын құруға 390 миллион теңге қарастырылғанын айтты. Сондай-ақ, ол Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының аумағы Есіл ауданына қарайтынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети