Астанадағы жаңа ауданның атауы бекітілді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы жаңа ауданның атауы бекітілді

Астана қаласының мәслихаты қаладағы жаңа, бесінші аудан атауын Нұра деп бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласының мәслихаты қаладағы жаңа, бесінші аудан атауын Нұра деп бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласы Тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, 2022 жылдың 1 желтоқсанында ономастикалық комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда жаңа аудан құру мәселесі қаралған.

"Өздеріңіз білетіндей, бесінші аудан құру туралы мәселе көптен бері көтеріліп келеді. Бұл мәселе көтерілгеннен бері зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар жаңа ауданның атауын ұзақ талқылады. Біз елдің тарихы мен географиясына қатысты атауларды қарастырдық. Ономастикалық комиссияның күн тәртібіне екі атау ұсынылды. Нұраны таңдадық. Бұл Қарағанды мен Ақмола облыстарының аумағында ағып жатқан өзен. Нұра - біздің географиямыздағы маңызды өзендердің бірі, маңызды географиялық атау. Бұрын Есіл мен Нұра біртұтас өзен болып саналатын. Осы символизмді ескере отырып, сол жағалауда Есіл мен Нұра аудандары болғаны дұрыс болар деп шешім қабылдадық", - деді Есіркеп.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети