Астанадағы жаңа жұмыс кестесі: Еңбек министрлігі не дейді?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы жаңа жұмыс кестесі: Еңбек министрлігі не дейді? Midjourney

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Ерболат Әбілхатин жаңа жұмыс кестесінің тиімділігі туралы сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Ерболат Әбілхатин жаңа жұмыс кестесінің тиімділігі туралы сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен айда Еңбек министрлігі жаңа жұмыс кестесіне көшті: 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Бұл шара қаншалық тиімді болды, бұрынғыдай 09:00-ден бастап жұмыс істейтін басқа ведомстволармен өзара іс-қимыл кезінде қиындықтар туындамады ма? Бұл қызметкерлердің өздеріне қалай әсер етті, қиындықтар болды ма?" деген сұрақ қойылды.

Комитет басшысы бұл өзгеріс Еңбек министрлігінің жұмысына оң әсерін тигізгенін мәлімдеді.

"Таңертең кептеліссіз жетіп аламыз, жұмыста сегізде болу үшін 07:30-да шығасың. Көшелер боп-бос, бұл жағы да оң әсер етті. Жұмыстан сағат 17:30-да шығады, адамдар отбасына көңіл бөле алады, жеке ісімен айналыса алады", - деді Ерболат Әбілхатин.

Шенеуніктің айтуынша, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде де мәселелер туындамаған. Ол Астана Мәслихаты елорданың басқа мекемелерінің жұмыс режимін ауыстыру мәселесін де қарастырып жатқанын еске салды.

"Жұмыс беруші өзінің ыңғайына байланысты кесте жасайды. Ешқандай қолайсыздық туындаған жоқ, қызметкерлерден де шағым түспеді, керісінше олар ертерек кеткеніне қуанады", - деді ол.

Журналистер қыркүйекте сабақ басталатынын еске салып, балалары бар қызметкерлер бұл кезде не істейтінін сұрады.

Комитет төрағасының айтуынша, балаларын мектепке жеткізіп салуға немесе мектептен алып кетуге тура келетін қазақстандықтар жұмысқа ыңғайлы уақытта, мысалы таңғы сағат 9-10-да келе алады. Ең бастысы олар белгіленген 8 сағат жұмыс істеуі қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети