Астанадағы жаңа стадион құрылысына 17 миллиард теңге жұмсалады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Астанада Қ. Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион құрылысына 17 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада Қ. Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион құрылысына 17 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым нысандарын салып жатыр.

Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 миллиард теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданған.

Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион 1936 жылы салынған. Қазір ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр. Спорт нысаны қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды қосқанда жалпы 3598 орынға есептелген. Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады.

"Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана қаласы әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру жоспарланып отыр. Жаңа стадион оқу-жаттығу жиындары үшін қолданысқа беріледі", - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде түрлі өңірлерде әлеуметтік маңызы бар 16 нысанды салуға арнаулы мемлекеттік қордан 82 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді. Оның ішінде 7 мектеп, 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, облыстық жедел жәрдем стансасы, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, жатақхана және 2 балабақша бар. Сонымен қатар, қаражат Қызылорда облысындағы Арал ауданында сумен жабдықтау жүйелерін салуға және жаңғырту жұмыстарына бағытталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 489.59  course up  533.69  course up  5.67  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro