Он жағдайдың сегізінде мемлекет Қазақстандағы инвесторларды еш негізсіз сотқа береді. Бұл туралы бүгін Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі алқасының төрағасы Аслан Түкиев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түкиев былтыр соттар инвесторлардың пайдасына қаралған істердің 78 пайызын қанағаттандырғанын айтты.
"Өздеріңіз білесіздер, барлық инвестициялық істер елордада қаралады, бұл біртұтас сот тәжірибесіне жақындау үшін жасалған. Негізінде бұл көрсеткіш өте қорқынышты. 10 жағдайдың 7-8-інде инвесторлар мемлекетпен дауда жеңген екен. Осыған байланысты қойылған талаптардың барлығы негізсіз болған", - деді ол "Инвесторлардың құқығын қорғау" форумында.
Жоғарғы сот өкілінің айтуынша, бұл үрдіс инвестициялық тартымдылыққа және ел экономикасына ақша салуды ынталандыруға кері әсер етеді.
Сондай-ақ, Аслан Түкиев барлық мемлекеттік орган әкімшілік сот төрелігі аясында инвесторлармен өзара әрекеттесудегі жаңа тәсілге көше алмады деп есептейді.
"Біз "мемлекет мүддесін өтірік қорғау" трендін қоспағанда, белгілі бір жетістіктерге жеттік. Бірақ форум аясында талқыланатын мәселелер бар", - деп түйіндеді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!