Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінде қылмыстық схема ашылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Астанада шетелдіктерді заңсыз тіркеумен айналысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада шетелдіктерді заңсыз тіркеумен айналысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, күдікті арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жалған құжаттарды пайдаланып, жақын шет елдерден келген ондаған азаматқа Қазақстанда уақытша тұруға рұқсатты заңсыз рәсімдеген.

"Тінту барысында дайын медициналық бланктер, мөрлер, электрон тасымалдағыштар және заңсыз қызметке қатысты басқа да құжаттар тәркіленді, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Одан бөлек елордадағы оқу орындарының бірінде шетелдіктерді заңдастыру бойынша осыған ұқсас қылмыстық схема анықталды. Оқу орнының екі қызметкері алыс шетелдің 68-ден аса азаматына жалған оқуға шақыру құжатын рәсімдеген. Кәсіпкермен шетелдік студенттерді тарту туралы жалған келісім жасап, оқу процесін "қолдан" ұйымдастырған. Осы құжаттар негізінде шетел азаматтары Қазақстанға келіп, заңсыз жұмыс істеген.

"Бұл деректер бойынша "заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бабымен соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Биыл осындай сегіз заңсыз арна анықталды", - деді Қанат Нұрмағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети