Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мектептер үшін 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мыналарға рұқсат етіледі:
- Оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын дәстүрлі форматта оқыту;
- 2021 жылы 1 наурыздан бастап мектепалды сыныптардың оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде, 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын аралас форматта оқу;
- бітіруші сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күнін аралас форматта оқыту: пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызын қашықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, "1-сынып - 1 кабинет" қағидаты бойынша оқыту.
Сонымен қатар, қаулыға мына шектеулер енгізілді:
- Меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 25 баладан артық емес етіп толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс кестесін белгілеп, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;
- Жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір жолда бір келушіден қатаң түрде бір уақытта болуын қамтамасыз ете отырып, олар болмаған кезде бір адамға 5 шаршы метр су айнасын есептей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;
- СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір мезгілде 3 келушіден аспайтын массаж салонына барумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;
- Компьютерлік клубтардың жұмысын, тек қана "Ashyq" пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін, келушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты қамтамасыз ете отырып немесе 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен, 50 пайыздан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып рұқсат ету. Тек 18 және одан жоғары жастағы адамдарға рұқсат етіледі;
- Боулинг орталықтарының жұмысын, тек қана "Ashyq" пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір уақытта бір ойын жолында 6 адамнан аспайтын қатысумен, 50 пайыздан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс режимін сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен рұқсат ету. Бұл ретте конкурстарды (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.
Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл" аймаққа оралды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!