23 наурыз 2017 | 16:57

Астанадағы "Қазақ елі" монументіне біреулер атын жазып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан үзінді Видеодан үзінді

Белгісіз біреулер Астанадағы "Қазақ елі" монументіне өз аттарын жазып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жайында инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердоңғар мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Белгісіз біреулер Астанадағы "Қазақ елі" монументіне өз аттарын жазып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жайында инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердоңғар мәлімдеді.

Оның айтуынша, жазуларды ол Астанада Наурызды тойлау кезінде дронға түсірілген видеоны қайта қарап отырып көріп қалған. "Мұрат", "Бердібек" және "Тараз" деген жазуларды роликтің 16 минутының 19 секундында көруге болады. 

"Кешегі Наурыздың видеосын көріп отырғанмын. Елдің басты символындағы жазуларды көріп қалдым. Қайранмын. Мұрат деген кім? Монументке қалай шыққан? Жазуды 16 минуттың 19 секундында көруге болады", - деп жазыпты Бердоңғар Facebook желісіндегі парақшасына.

Монумент 2009 жылы қойылған, ал жазу енді ғана байқалған. Рельефті жасаған сәулетші Мұрат Мансұров Tengrinews.kz тілшісіне бұл вандалдың ісі емес дегенді айтады. "Қайта құру кезінде болған шығар. Ешкім онда шыға алмайды. Мүмкін емес, вандалдар шыға алмайды. Құрылысшылар бүлдірген", - дейді ол.

Оның айтуынша, ол жерде жазу болуы тиіс емес. Ал сәулетшілерде мұндай әдет жоқ. "Тақтайша қойып, қашан орнатқанын, қандай авторлық ұжым екенін жазамыз. Ал бұлайша жазу, жоқ мұндай болған емес", - деді Мансұров.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети