Астанадағы көшеге бұрынғы премьер-министрдің есімі беріледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы көшеге бұрынғы премьер-министрдің есімі беріледі КТК кадры

Бұрынғы премьер-министр және мемлекет қайраткері Нұрлан Балғымбаевтың есімі Астанадағы көшеге беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы премьер-министр және мемлекет қайраткері Нұрлан Балғымбаевтың есімі Астанадағы көшеге беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет қайраткерінің есімі Түркістан көшесінен басталып, Ұлы Дала көшесінде аяқталатын нөмірі № 29/1 атаусыз көшеге беріледі. Бұл шешім Астананың ономастика комиссиясының отырысында қабылданған.

"Нұрлан Балғымбаев - қазіргі заманғы талаптарға сәйкес елдің мұнай және газ өнеркәсібін дамыту, қазба байлықтарды тиімді игеру және халық игілігі үшін ірі жобаларды құрудың бастамашысы болды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Нұрлан Балғымбаев 1997-1999 жылдары Қазақстанның премьер-министрі лауазымын атқарған. Кейін "Қазақойл "Ұлттық мұнай-газ компаниясы" ЖАҚ және "Қазақстандық мұнай инвестициялық компаниясы"АҚ президенті болды.

2009 жылға дейін Нұрлан Балғымбаев Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кеңесшісі болды. Содан кейін италиялық Eni мұнай-газ компаниясымен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ұйымның Бас директоры лауазымына тағайындалды. Қазақстанның экс-премьер-министрі 2015 жылдың қазан айында қайтыс болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети