18 қаңтар 2017 | 19:52

Астанадағы қою түтіннің себебі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы қою түтін. © Тұрар Қазанғапов Астанадағы қою түтін. © Тұрар Қазанғапов

Астанадағы қою түтіннің себебі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай экологиялық жағдайдың себебін Астана әкімінің қаладағы экологиялық ахуал мәселелері бойынша өткізген арнайы отырысында Энергетика министрлігінің Астана қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Абзал Егембердиев айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы қою түтіннің себебі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай экологиялық жағдайдың себебін Астана әкімінің қаладағы экологиялық ахуал мәселелері бойынша өткізген арнайы отырысында Энергетика министрлігінің Астана қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Абзал Егембердиев айтып берді.

"Желсіз күні ауада жағылған отынның иісі сезіледі. Бұған қатты отынды жаққанда түзілетін күл себеп, оны адам ағзасы автокөлік газынан гөрі жақсы сезінеді. Ал осы ретте автокөліктерден шығатын лас заттардың көлемі жеке сектордың үлесінен 5 еседен артық. Бідің бақылауымызша, қатты отынды пайдалану кезінде ластаушы заттардың ең көп мөлшері әсіресе желсіз күндері сезіледі, ал жеке секторлардың елорданың периметрімен орналасқанын ескерсек, түтін Астананың басым бөлігіне тарайды", - деп мәлім етті Энергетика министрлігінің Астана қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Абзал Егембердиев.

Энергетика министрлігінің Астана қалалық экология департаментінің статистикасына сәйкес, қазіргі уақытта елордада атмосфераға лас заттардың 53%-ын автокөліктер шығарса, 10% жеке сектордың (пешпен жылыту, жеке қазандықтар) үлесіне тиеді.  Сонымен қатар, отырыста қаланы басқан қою түтін тақырыбы да қозғалды, оған антициклон, желсіз ауа райы (1-2 метр), тұман және ылғалдылық (91%) себеп болған.

Әкім экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кешенді жоспарды қысқа мерзімде әзірлеуді тапсырды. Әсет Исекешевтің айтуынша, жаңа стандарттар кешенді ғылыми зерттеулерді, қоршаған ортаның жағдайына мониторингті және халық пікірін ескере отырып әзірленуге тиіс. 

"Жақын уақытта бұл міселені қаланы орнықты дамыту жөніндегі кеңес арқылы қоғамдық тыңдауға шығаруды тапсырамын. Экология мен атмосфералық ауаның жаңа сапалық индикаторларын бекітіп, солар бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізілу керек. Осы мақсатта кешенді ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады", - деп атап көрсетті Әсет Исекешев.

Сондай-ақ, қала әкімі елорданың барлық аудандарында атмосфералық ауаның жағдайын қадағалайтын құрылғылар орнатуды тапсырды. 

Исекешевтің айтуынша, кешенді жоспарға ЖЭО, жеке сектордың және көлік құралдарының ауаға шығаратын лас заттарының мөлшерін қысқарту бойынша шаралар енгізіледі.

Сонымен бірге, отырыста бүгінде Үкіметте қаралып жатқан елорданы газдандыру мәселесі де қозғалды. Жақын уақытта салалық мемлекеттік органның және "ҚазТрансГаз" компаниясының қатысуымен арнайы кеңес өткізіліп, онда қаланы газбен қамту жолдары қарастырылатын болады.

Астананы ыс тұмшалаған күн

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети