Астанадағы мектепте оқушы баспалдақтан құлап кеткен: Тоқаев тапсырма берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы мектепте баспалдақтан құлаған оқушының оқиғасын айтып, білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті толық тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы мектепте баспалдақтан құлаған оқушының оқиғасын айтып, білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті толық тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, мектеп ең қауіпсіз орынға айналуға тиіс. Мектепте балалар өздерін қай жағынан да жайлы сезінуі керек. Бөгде адамдардың мектепке кіруіне жол беруге болмайды.

"Сондықтан, білім ошақтарының бәріне дабыл қағу, бейнебақылау жүйесі орнатылады. Жақында Астана мектептерінің бірінде оқыс оқиға болды. Оқушы ауыр жарақат алды. Бұл жағдай білім ошақтарында қауіпсіздік талаптары толық сақталмайтынын көрсетіп отыр. Әсіресе, көп жыл бұрын салынған ескі мектептер талапқа сай емес. Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, мектептердің қауіпсіздігін толық тексеруі керек. Сондай-ақ, жаңа мектептердің жобасын жасағанда бұл мәселе мұқият ескерілуге тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети