Астанадағы парадқа кімдер шақырылған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы парадқа кімдер шақырылған? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астана әкімдігі сайтында 7 мамырда елордада өтетін әскери парадқа кімдер шақырылғаны туралы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігі сайтында 7 мамырда елордада өтетін әскери парадқа кімдер шақырылғаны туралы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада 7 мамырда сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери шеру өтеді.

Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау шаралары күшейтіледі. Оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери іс-қимылдардың ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері, құрмет қарауыл роталары, ҚР Қарулы Күштерінің, өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және т.б. ардагерлері шақырылған.

"Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және іс-шараларды реттеп өткізу мақсатында биыл парадты тікелей тамашалау шектелді. Мұндай шешім адамдар көп жиналатын жағдайларда қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттілігіне байланысты қабылданды. Трибунадағы орындар саны шектеулі және алдын ала бөлінген, бұл парад өткізу кезінде тиісті бақылау мен үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл – әскери техника мен авиация қатысатын ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қолданылатын халықаралық стандартты тәжірибе", – деп түсіндірді ведомство.

Сонымен қатар, іс-шара республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі.

"Елордада 7 мамырда мереке құрметіне концерттер мен әскери шерудің тікелей эфирі өтеді. Сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандарда шеру бірден бірнеше орында көрсетіледі".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети