Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі ауысты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі ауысты

Астанада Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарыарқа ауданының әкімі болып Бауыржан Ералы тағайындалды.

Бауыржан Ералы еңбек жолын ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің инспекторы лауазымынан бастаған.

Әр жылдары сарапшы, "Ахуалдық орталық" басқармасының бас сарапшысы, "Электрондық декларациялау орталығы" басқармасы басшысының орынбасары м.а. лауазымдарын атқарды.

2022 жылы "ҚР Қаржы министрлігі МКК бас диспетчерлік басқармасы" РММ басшысының орынбасары болып еңбек етті. Тағайындалғанға дейін елорда әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында аудан әкімдеріне аудандар мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети