Астанадағы саябақтардың біріне ІІ Елизавета есімі беріледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы саябақтардың біріне ІІ Елизавета есімі беріледі Фото:instagram.com/theroyalfamily

Астананың Орталық саябағындағы алаңдардың біріне Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета есімі берілмек. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


18 қыркүйекте Мәулен Әшімбаев Вестминстер холлында патшайыммен қоштасу рәсіміне қатысып, көңіл айту ресми кітабына Қазақстан Республикасы атынан жазба қалдырды. Сол күні Сенат төрағасы Букингем сарайында Король III Чарльздың атынан Еуропа, Таяу Шығыс және Азия елдерінің мемлекет, үкімет, халықаралық ұйымдар басшылары мен корольдік отбасы мүшелерінің құрметіне арналған аза тұту рәсіміне қатысты.

"Король ІІІ Чарльзбен әңгімелесу барысында Мемлекет басшысының атынан көңіл білдірген Сенат төрағасы ел Президентінің шешімі бойынша таяуда Астананың орталық саябағы алаңдарының біріне патшайым ІІ Елизавета есімі берілетінін айтты. Ұлыбритания монархы 1996 жылы Қазақстанға жасаған сапарын жылы шыраймен еске алып, марқұмға деген осындай жақсы қарым-қатынасы мен ықыласы үшін ризашылығын білдіріп, республика басшылығы мен халқына игі тілегі мен ризашылықтарын жеткізді", - делінген хабарламада.

ІІ Елизаветаны жерлеу рәсіміне Қазақстаннан кім барды?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +28
Ақтау +27
Ақтөбе +26
Атырау +29
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +32
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +28
П
Павлодар +31
Петропавл +27
С
Семей +28
Т
Талдықорған +32
Тараз +37
Түркістан +27
О
Орал +27
Ө
Өскемен +36
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер