Астанада өртсөндірушілер Сарыарқа ауданындағы бутикте шыққан өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Өрттің видеосын Tengrinews.kz редакциясына оқырмандар жолдады.
Оқиға орнында күштер мен құралдар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатқаны айтылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер бойынша 112 ақпарат түскен жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!