Астанадағы субұрқақ ісі: Болат Мажағұлов сотта соңғы сөзін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов, әлеуметтік желілер Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов, әлеуметтік желілер

Сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде талан-таражға салды деп айыпталған Астана Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде талан-таражға салды деп айыпталған Астана Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол өзіне тағылған айыптарды толықтай жоққа шығарды.

"Бұның бәрі ойдан құралған, ешқандай дәлелсіз. Мен өзімді кінәлі сезінбеймін. Одан бөлек, сотта менің кінәсіз екенім толық дәлелденді. Мен ешқашан сынбаймын. Мен ақиқатымды соңына дейін дәлелдеймін, себебі балаларым үшін керекпін. Маған қарсы барлық айыптау сөз жүзінде айтылған. Іс материалдарында менің есепшотыма ақша аударылғаны немесе менің заңсыз байығаным туралы ешқандай дәлелдер жоқ. Барлық банктік есепшоттар тексерілді, заңсыз жолмен сатып алынған мүлік табылған жоқ", - деді Мажағұлов соңғы сөзінде.

Сот үкімінің жариялануы бүгін сағат 15:00-ге жоспарланған.

Еске салайық, прокурор Астана мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұловқа аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды деп айыптап, 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 500.91  course down  525.88  course down  5.76  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro