Астанада Тұран даңғылында Сарайшық көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
30 мамырдан 8 маусымға дейін осы учаскедегі қозғалыс ішінара кезең-кезеңімен жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.
Бұл ретте:
- 2023 жылы Тұран даңғылы бойынша , Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесінде;
- 2024 жылы - Керей Жәнібек хандар көшесінің Жұлдыз айналымына дейінгі учаскесінде жұмыс жүргізілгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!