Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде шыққан өрттен үш бала қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде шыққан өрттен үш бала қаза тапты Бейнежазбадан кадрлар

12 сәуірге қараған түні Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


12 сәуірге қараған түні Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнына өртсөндірушілер келіп жетті. Олардың айтуынша, пәтер жалындап өртеніп жатқан. Астаналықтар сұрапыл өрттің видеосын бөлісіп жатыр.

"Өртті сөндіру барысында пәтерден денесін күйік шалған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол №1 Көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды. Өрт орнынан кәмелетке толмаған үш баланың денесі табылды", — деп хабарлады ТЖМ.

Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетімен шықты.

Өрт толық сөндірілді. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

"Сондай-ақ, әкімдіктің ақпараты бойынша, зардап шеккен әйел мен қаза тапқандардың отбасына қажет жан-жақты көмек көрсетіледі. Жағдай ерекше бақылауға алынды", — делінген хабарламада.

Еске салайық, жыл басында Павлодар облысында жеке үйде болған өрт кезінде кәмелетке толмаған екі бала қаза тапты. Қайғылы оқиға Ертіс ауылында болды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 473.19   553.17   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети