Астанадағы тұрғын үй кешеніне қатысты алаяқтық әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы тұрғын үй кешеніне қатысты алаяқтық әшкере болды Фото:depositphotos.com

Астана әкімдігіне ведомстволық бағынысты "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС бөлімінің басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігіне ведомстволық бағынысты "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС бөлімінің басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС бөлім басшысы Б.Қ. Базарбекке қатысты үкім шығарды.

"Ол Астанада көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС басшылығы үшін мердігерлік ұйым директорының 103 млн теңге сомасында алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды. Базарбек 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети