Астанадағы тұрғын үйден шыққан өрт кезінде зардап шеккен өртсөндіруші қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы тұрғын үйден шыққан өрт кезінде зардап шеккен өртсөндіруші қайтыс болды

Бүгін ауруханада жатқан өртсөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін ауруханада жатқан өртсөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оның өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер бірнеше тәулік бойы аянбай күресті. Асқар Астана қаласында болған өрт кезінде адамдардың өмірін құтқару кезінде батырлық танытты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымы Асқар Забикулиннің туған-туыстарына, жақындарына қайғыра көңіл айтады. Ол өз ісінің маманы ретінде жадымызда мәңгі қалады. Асқар ақжарқын адам, жауапты қызметкер, кәсіби өрт сөндіруші және сауатты маман болды. Әріптестері арасында әділ, өз мамандығын сүйетін қызметкер ретінде құрметке ие. ТЖМ қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек көрсетеді", - деді ТЖМ өкілдері.

Асқардың әйелі мен екі баласы қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети