Астанадағы вокзалда кішкентай бала табылды. Полиция анасын іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы вокзалда кішкентай бала табылды. Полиция анасын іздестіріп жатыр Midjourney

Астанада "ескі" вокзал маңында кішкентай бала табылды. Ол медициналық мекемеге орналастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "ескі" вокзал маңында кішкентай бала табылды. Ол медициналық мекемеге орналастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp чаттарында қараусыз қалған бала туралы хабарлама тарады. Онда баланы әдейі тастап кеткені және қалтасында "Баладан бас тартамын" деген жазба бар екені айтылған.

Желіде тараған фото

Tengrinews.kz тілшісі бұл оқиғаға қатысты пікір алу үшін көлік департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді. Олар вокзалда қараусыз қалған бала табылғаны туралы деректі растады. Сонымен қатар, полиция баланың анасы іздестіріліп жатқанын хабарлады.

"Астана" станциясындағы желілік полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланы қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша соталды тергеу бастады. Табылған бала профилактикалық мақсатта медициналық мекемеге орналастырылды", – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети