Астанадан Алматыға тәулігіне үш жүрдек пойыз қатынайтын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадан Алматыға тәулігіне үш жүрдек пойыз қатынайтын болады © Тұрар Қазанғапов

2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Астанадан Алматыға тәулігіне үш пойыз қатынап жүретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Астанадан Алматыға тәулігіне үш пойыз қатынап жүретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында Астана мен Алматы арасында "Тұлпар-Тальго" заманауи вагондарынан құралған 3 жүрдек пойыз (№3/4, 701/702 және 705/706) жүріп тұратын болады, - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, 2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап келесі поездардың нөмірлері "Алматы-2-Астана" пойызы №1/2-ден №701/702-ге; "Алматы-2-Петропавл"  №701/702-ден №705/706-ға; "Астана-Шымкент" с №79/80-нен №707/708-ге ауысады. 

"Толығырақ ақпарат алу үшін теміржол вокзалдарының анықтама бюролары немесе бірыңғай анықтама қызметі 105-ке хабарласыңыздар", - деп айта кетті баспасөз қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети