Астанадан Көкпектіге гуманитарлық көмек жіберіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадан Көкпектіге гуманитарлық көмек жіберіледі Фото aen.ru сайтынан

Қарағанды облысында су тасқыны апатынан зардап шеккен Көкпекті ауылына бүгін елордадан 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында су тасқыны апатынан зардап шеккен Көкпекті ауылына бүгін елордадан 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Зардап шеккен азаматтарға бірінші кезекте керек болатын тауарлар жіберіледі. Оның ішінде күртелер, етіктер, ішкі киім, шұлықтар, бас киімдер, кофталар, шалбарлар және тағысын тағы. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына тіс пастасы, кір және иіс сабын, кір жуғыш ұнтақ қажет болады", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан басқа, матрастар, көрпелер, жастықтар, электршәйнектер мен жылыту құрылғылары жөнелтілмек. Елорда әкімдігі Көкпекті ауылы тұрғындарының жертөлелерін су басып тастағанын да ескеріп, азық-түліктің мол қорын беріп жібермекші. Апат болған жерге ұн, макарон өнімдері, жарма, қант, консервілер, пакеттегі сорпалар, тұз, бұрыш, шұжық, консервіленген ет, сары мен өсімдік майы жеткізіледі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети