Омбы әуежайына Air Astana әуекомпаниясының ұшағы техникалық ақауларға байланысты қона алмай, қайтып кеткен. Қазіргі уақытта ұшақ Қазақстаннан қайта ұшып шықпашы, - деп хабарлайды НГС Омск басылымы.
Омбы әуежайына Air Astana әуекомпаниясының ұшағы техникалық ақауларға байланысты қона алмай, қайтып кеткен. Қазіргі уақытта ұшақ Қазақстаннан қайта ұшып шықпашы, - деп хабарлайды НГС Омск басылымы.
Омбы әуежайының диспетчер қызметіндегілер Air Astana әуекомпаниясының ұшағы 7 ақпанда 15:10-да ұшып келуі керек болған. Алайда ұшақ техникалық ақауларға байланысты қона алмаған. Диспетчер бұл жағдайдың әуежайдың мүмкіндігіне еш қатысы жоғын айтады, толық мәлімет берілген жоқ.
Диспетчердің айтуынша, ұшақ қайта бұрылып, Астанаға ұшып кеткен. Қазіргі уақытта ұшақ Омбы қаласына қайтадан ұшып келуге дайындалып жатыр. Астана әуежайының сайтындағы мәлімет бойынша, 17:30-да ұшаққа отырғызу басталған.
Ұшақтың қона алмай кеткенін куәгерлер растап берген. "ВКонтакте" желісіндегі "Аварийный Омск" тобында аноним қолданушы ұшақтың бес рет қона алмағанын жазған.