Ақмола облысында жылдамдықты тіркейтін "Крис-П" құрылғылары пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында жылдамдықты тіркейтін "Крис-П" құрылғылары пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдері жол-көлік оқиғалары көбіне осы жылдамдықты асырудың салдарынан болып жататынын айтады. Осыған байланысты 2019 жылдың басынан жаңа фоторадарлы жылжымалы "Крис-П" кешенін пайдалану шешімі қабылданды.
"Ендігіде облыстағы жүргізушілерді сырттай көзге түспейтін фоторадарлар бақылайтын болады", - деді Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
Полицейлер бірнеше минутта "Крис-П" құрылғысын құрастырып, орнатады. Қызметкерлер қажетті жылдамдықты белгілейді. Жол ережесін бұзу деректері автоматты түрде бекітіледі, ал мәліметтер әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығына жіберіледі.
Сурет Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен
"Крис-П" құрылғыларының орналасуы орны ауысып тұрады. Онда жол апаты жиі болатын тасжол аймақтары ескеріледі. Негізінен кешен 50-60 метр жолдың тура тізбегін түсіреді. Жыл сайын құрылғы жарамдылыққа тексеріледі. Тексеруші фирма құрылғының дұрыс жұмыс істеп тұрғаны туралы заң жүзінде анықтама береді", - деді Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
"Фоторадар түсірген мәліметтер таза - мәліметті өшіруге болмайды, бұл полицейлерге жүргізушілердің жол ережесін бұзбауға көмегін тигізеді", - деді облыстық полиция өкілдері.