Енді Астанадан Үрімшіге пойыздар күн сайын жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Асқар Маминге сілтеме жасап.
Енді Астанадан Үрімшіге пойыздар күн сайын жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Асқар Маминге сілтеме жасап.
"EXPO-ға біз күн сайын жүретін Астана-Үрімші пойызын іске қосуды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Ол Астана-Алматы-Үрімші бағытында жүреді. Біз мұны 2017 жылы іске қосамыз. Бұл да "Тұлпар-Тальго" пойыздары болмақ. Жолаушылар жүрдек қозғалысын дамыту аясында жоспарымыз көп, осы жоспарларымызға сәйкес жыл сайын бағыттар санын көбейту және қызметті жақсарту бойынша қозғалып келеміз", - деді Асқар Мамин ОКҚ баспасөз мәслихатында.
ҚТЖ басшысының айтуынша, соңғы үш-төрт жылда Қазақстанда тоғыз жаңа теміржол бағыты іске қосылды.
Асқар Мамин 2016 жылы Қазақстанда жаңа әрі кең "Тұлпар-Тальго" вагондарының іске қосылатынын айтты. "Қазір біз жасап жатырмыз. Келер жылы 30 сантиметрге кең жаңа кузовымыз болады. "Тұлпар-Тальго" вагондарының тар екендігі жайлы айтылып жатыр. Осы ұсыныс пен нарыққа жаңа ұсыныс беру үшін біз жолаушылар вагонының жаңа жобасын жасадық. Келер жылы заутымызда кең вагондары бар бірнеше составты жоспарлап отырмыз", - деді ҚТЖ басшысы.