"Астанаэнергосбыт" және "Астана - АЭК" кәсіпорындарында жоспардан тыс тексеріс басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астанаэнергосбыт" және "Астана - АЭК" кәсіпорындарында жоспардан тыс тексеріс басталды Иллюстрациялық фото: pixabay.com

"Астанаэнергосбыт" ЖШС мен "Астана-АЭК" АҚ-қа қатысты жоспардан тыс тексеріс басталды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астанаэнергосбыт" ЖШС мен "Астана-АЭК" АҚ-қа қатысты жоспардан тыс тексеріс басталды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елордалық тұтынушылардан түскен бірқатар шағым негізінде комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті "Астанаэнергосбыт" ЖШС мен "Астана-АЭК" АҚ-қа электр энергиясына төлемақыны есептеуге қатысты жоспардан тыс тексеріс тағайындады", - деді комитет өкілдері.

Айта кетейік, департамент табиғи монополиялар саласына қатысты қызметті бақылау мен реттеуге жауапты.

Егер елорда тұрғындары табиғи монополия субъектілерінің әрекетімен келіспесе, коммуналдық қызмет үшін төленетін сома артық көрсетілген түбіртек алған жағдайда Нұр-Сұлтан қаласы, Петров көшесі, 5 мекенжайы бойынша немесе электрон пошта арқылы өтініш жолдай алады. Пошта: [email protected].

"Табиғи монополиялар саласындағы заңбұзушылықтар анықталған жағдайда департамент өз құзыреті шегінде тиісті шара қабылдайды", - деді комитет өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети