Астанаға 200 ауғанстандық ұшып келді: Қазақстан қандай келісім жасады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанаға 200 ауғанстандық ұшып келді: Қазақстан қандай келісім жасады? Фото:gov.kz

2 тамызда премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстанның сауда және өнеркәсіп министрі Алхадж Нұриддин Азизи ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 тамызда премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстанның сауда және өнеркәсіп министрі Алхадж Нұриддин Азизи ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серік Жұманғарин сәуірда Кабулға сапары кезінде тараптар елдер арасындағы тауар айналымының көлемін 1-ден 3 миллиард долларға дейін ұлғайту міндетін қойғанын атап өтті.

"Қазақстандық компаниялардың Кабулға соңғы сапарының қорытындысы бойынша біздің энергетикалық сусындарымыз, ұн өнімдері, минералды тыңайтқыштардың алғашқы жөнелтілімі болды, күнбағыс майына да қызығушылық бар. Ауғанстаннан импортта ауылшаруашылық өнімдерімен қатар тоқыма бұйымдары пайда болды. Белсенділік танытатын жұмыс бағытымыз бар", - деді Серік Жұманғарин.

Ынтымақтастықты жандандыру үшін ауған тарапына Герат қаласындағы Қазақстанның сауда үйінің әлеуетін пайдалану және Қазақстанда өзінің сауда өкілдігін ашу ұсынылды. Кездесуге қатысушылар қолданыстағы сауда жолдарын дамыту, Ауғанстан және оның аумағы арқылы тауарларды жеткізудің баламалы бағыттарын құру мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстан отандық компаниялардың Ауғанстанда, әсіресе көлік, тау-кен, телекоммуникация және ауыл шаруашылығы салаларында іске асырылатын басқа да экономикалық жобаларға қатысуын қарастырып жатыр.

Атап айтқанда, биыл сәуірде қазақстандық делегацияның Кабулға сапарынан кейін "Қазақтелеком" АҚ Ауғанстанға коммерциялық негізде талшықты-оптикалық интернетті жеткізуге ауған тарапымен келісімшартқа қол қойды.

Қазақстан мен Ауғанстан білім беру бағытында да ынтымақтасады. Бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ауғанстанның 130 студенті білім алып жатыр. Серік Жұманғарин қызығушылық танытқан жағдайда Қазақстанда Ауғанстаннан келген студенттердің санын көбейтуді ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети