Астанаға газ тарту жобасы қымбат деп танылды. Сондықтан оны іске асыру мерзімі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалинге сілтеме жасап.
Астанаға газ тарту жобасы қымбат деп танылды. Сондықтан оны іске асыру мерзімі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалинге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бүгінде аталған жобаны іске асыру үшін, кем дегенде, 1 миллиард доллар қажет. Сондықтан экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ол жобаны тым қымбат деп таныды. Ал оны іске асыру мерзімі кейінге шегерілді. Бұл бастаманы Үкімет те (Серік Ахметов басқарған Министрлер кабинеті - авт.) қолдаған болатын.
"Сондықтан газ елордаға отын ретінде жеткізіліп тұрады. Мәселен, Астанада 350 жаңа автобус газбен жүреді деген жоспар бар. Біз аталған көлік құралдарын газбен тұрақты түрде қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Осыған орай, қазір қалада газ толтыру станциялары салынып жатыр", - деп атап көрсетті Ұ.Қарабалин.