Қауын шыбыны шыққан 150 келіге жуық қарбыз сатылымнан шығарылып, көму арқылы жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елорда Инфо басылымына сілтеме жасап.
Қауын шыбыны шыққан 150 келіге жуық қарбыз сатылымнан шығарылып, көму арқылы жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елорда Инфо басылымына сілтеме жасап.
Зиянкес табылған қарбыздың ары қарай таралмауы үшін өнімнің ластанған бөлігі, атап айтқанда 150 келісі сатылымнан шығарылып, көму арқылы жойылған.
"Біз оның бәрін тәркілеп алдық. Аталған факті бойынша әкімшілік құқық бұзушылық актісі рәсімделді. Енді, қарбыздың иесі 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 48 100 теңге көлемінде айыппұл төлейді", - дейді Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Сымбат Қалиасқаров.
Ол инфекцияны қалай анықтау керектігін де түсіндірді. Маманның сөзіне қарағанда, қауын шыбыны асқабақ тұқымдас өнімдер - қарбыз, қауын мен қиярға жиі түседі. Олардың сыртында қызыл-қоңыр іздер пайда болады. Осындай жағдайды байқасаңыз бірден өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторларға арыздану қажет.
Оның айтуынша, жыл басынан бері Италияда және тағы басқа еуропалық мемлекеттерде 30 тоннаға дейін 6 карантиндық факті анықталды.
Айта кету керек, барлық сауда базарларына келген өнімдерге карантиндік және фитосанитарлық бақылау үнемі жүргізіледі. Инспекторлар өнім санитарлық талапқа сай келсе ғана базарлардағы сөрелерге сатылымға шығарады.