Астанаға күн сайын қай елдерден көліктер келеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанаға күн сайын қай елдерден көліктер келеді? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сарапшылар Астанаға күн сайын өзге елден келетін көліктерді санап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарапшылар Астанаға күн сайын өзге елден келетін көліктерді санап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Sergek Group баспасөз қызметі мәліметінше, елордаға күніне 22,5 мыңға жуық көлік келіп, 24,1 мыңы кетеді. Қазақстандық көліктер бірінші орында.

"Жалпы тәуліктегі ағынның 98 пайыздан астамы Қазақстанда тіркелген. Қалаға 300-ге жуық ресейлік нөмірлі көлік кіріп-шығады. 60-қа жуығы Арменияның, 40-ы Қырғызстанның мемлекеттік нөмірімен. Сондай-ақ, Моңғолия, Өзбекстан, Грузия және Беларусь елдерінен бірең-сараң көлік тіркеледі", - деді компания.

Sergek Group

Талдау шекаралас мемлекеттердегі автокөліктер қозғалысын бақылау үшін "Шекарадан кейінгі" модуль арқылы жүргізілді. Модуль Sergek ITS талдауға, бақылауға және көліктік болжауға арналған интеллектуал көлік жүйесінің бөлігі болып табылады. Модульдің негізгі мақсаты қалаға кіретін және шығатын көлік құралдарының, сондай-ақ транзиттік көлік құралдарының санын бақылау.

Жүйе кіретін және шығатын көліктердің санын көрсете отырып, өңірлер және шетелдік көліктер бойынша қазақстандық көліктердің есебін жүргізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети