Астанаға LRT пойыздары қашан жеткізіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанаға LRT пойыздары қашан жеткізіледі? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT құрылысының барысы туралы айтып берді. Оның айтуынша, жеңіл рельсті көлік желісінің құрылысы қыста да жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT құрылысының барысы туралы айтып берді. Оның айтуынша, жеңіл рельсті көлік желісінің құрылысы қыста да жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әкімі құрылыс жоспарлары туралы кезекті мәслихат сессиясында баяндады.

"Биыл эстакада бөлігін аяқтадық, келесі жылы нысанның құрылыс бөлігін толықтай аяқтаймыз. Қазір жаңа теміржол вокзалы аумағында алғашқы шақырым рельс-балка конструкцияларын орнатып жатырмыз, бұл жұмыс қыс мезгілінде де жалғасады", – деді Қасымбек.

Сондай-ақ, Астана әкімі LRT үшін пойыздардың қалаға шамамен қашан жеткізілетінін атады.

"Келесі жылы алғашқы пойыздар қыркүйек-қазан айларына қарай келеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл – ауқымды жұмыс", – деп қосты әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети