29 тамыз 2018 | 16:32

Астанаға сыйланған "Бейбітшілік қабырғасы" монументі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері елорданың 20 жылдығына орай Астанаға Бейбітшілік қабырғасы монументін сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері елорданың 20 жылдығына орай Астанаға Бейбітшілік қабырғасы монументін сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл сыйлықтың құны - 1,8 миллиард теңге, ол Тәуелсіздік алаңындағы "Қазақ елі" монументінің маңына тұрғызылған.

Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері Бейбітшілік қабырғасы монументінің өңірлік компаниялар мен кәсіпкерлердің қаражатына салынғанын айтып өтті.

Айтуларынша, бұл кешен металл мен тастан жасалған. Төрт бөліктен құралған.

Монументтің ұзындығы - 11 метр, ені - 18,4 метр, биіктігі - 17,5 метр. Монументтің қабырғалары болаттан жасалған. Монументті салу кезінде 1 200 тонна гранит қолданылған. Аумағы 6 000 шаршы метрден асады.

Монументтің маңында Тәуелсіздік сарайы мен "Шабыт" ұлттық университеті орналасқан.

Монумент авторларының сөзіне қарағанда, жоба Президенттің "Бейбітшілік. XXI ғасыр" манифесі идеясынан туған. Сондықтан да монументті таныстыру салтанаты 29 тамызда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне белгіленді.

Мұның алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әлем қабырғасын ашуға арналған іс-шараға қатысқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети