19 ақпан 2014 16:11

Астаналық бес тұрғынның екеуі кәсіппен айналысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иманғали Тасмағамбетов © Тengrinews.kz Иманғали Тасмағамбетов © Тengrinews.kz

Астана экономикасының жетекшісі - шағын және орта бизнестің дамуы, инновациялық индустрияландыру деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкіміне сілтеме жасап. Қала әкімінің мәлімдеуінше, шағын және орта бизнестің стратегиялық маңызы артқан және бұл сала мемлекеттің тірегі саналатын орта тапты біріктіреді. "Астанада жайлы бизнес ахуал орнату аса маңызды. Қазір 190 мың адам немесе еңбекке қабілетті барша тұрғындардың бестен екісі осы салада істейді. Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субьектілерінің саны 55 мыңға жетіп отыр", - деді И.Тасмағамбетов. Бүгінде қала бюджетіне түсетін салықтың 67 пайызы шағын және орта бизнес субьектілерінен жиналады. Олар өндірген өнімнің көлемі былтыр 1 трлн. 200 млрд. теңгеге жеткен. Сондай-ақ, қала әкімі 2017 жылға қарай бизнес субьектілерін 60 мыңға дейін арттыруға толық мүмкіндігіміз бар екендігін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети