Астаналық жігіт базарда бомба бар деп жалған ақпарат берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық жігіт базарда бомба бар деп жалған ақпарат берген © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанның 21 жастағы тұрғыны "Астаналық базар" сауда үйінде бомба бар деп жалған ақпарат берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"25 қараша сағат 09:21-де "102" каналына Нұр-Сұлтандағы "Астаналық базар" сауда үйінде бомба бар екені туралы хабар түсті. Тексеріс барысында ешқандай жарылғыш құрал табылмады", - деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Тәртіп сақшылары жалған хабар таратқан күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс 273-бап бойынша тергеліп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети