Астаналық қызының ұзату тойын мейрамханада жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық қызының ұзату тойын мейрамханада жасаған Видеодан алынған кадр

Астанада мейрамханалардың бірінде ұзату той жасағандар әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан полиция департаментіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада мейрамханалардың бірінде ұзату той жасағандар әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Бесінші қыркүйекте сағат 18.40-та мониторингтік топ "Хан Талапай" мейрамханасында болып жатқан тойды анықтады.

"Бас санитар дәрігердің қаулысына қарамастан іс-шараны ұйымдастырушы 50-ге жуық қонақ шақырған. Отбасылық мереке тоқтатылды. Мейрамхана иесі мен іс-шараны ұйымдастырушы тыйымды елемей адамдардың денсаулығына қауіп төндірді.

Процессуалдық шешім қабылдану үшін әкімшіге қатысты жиналған деректер Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді", - деді полиция өкілдері.

Полицейлер тұрғындарды карантин режимін сақтауға шақырады. Олар жұқтыру оқиғаларын болдырмау мақсатында халықпен профилактикалық әңгіме жүргізеді. Мұндай диалог адамдарды мәжбүрлеу шараларына қарағада тиімді ынталандыратыны айтылды.

"Өкінішке қарай, алдын алу шараларын елемеу жағдайлары әлі бе болып жатыр. Өткен тәуліктің өзінде полиция департаментінің қызметкерлері 57 кәсіпкерлік нысанды тексерді, оның ішінде 43 орын карантинді бұзғаны анықталды.

Адамдар тыйымға қарамастан отбасылық мерекелерді өткізіп, қарт адамдарға ғана емес, балалардың өміріне де қауіп төндіреді. Барлық тәртіп бұзушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Енгізілген шектеулер азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет", - деп толықтырды елордалық полиция өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети