Астаналық оқушылар Microsoft грантын жеңіп алды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық оқушылар Microsoft грантын жеңіп алды

Астаналық мектеп оқушылары Microsoft корпорациясының жарты миллион долларлық грантын жеңіп алды. Арсен Қылышбек пен Владимир Борзенков жасанды интеллект негізінде стартап жобасын әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық мектеп оқушылары Microsoft корпорациясының жарты миллион долларлық грантын жеңіп алды. Арсен Қылышбек пен Владимир Борзенков жасанды интеллект негізінде стартап жобасын әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Арсен мен Владимир Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары. Оларды бағдарламалауға деген қызығушық біріктіріп, уақыт өте бұл достыққа ұласқан. Олар үнемі бірдеңе ойлап тауып, әдеттен тыс жобалар жасауға құмар. Идеялардың бірі табысқа әкелген. Оқушылар жасанды интеллект негізінде небәрі бір жарым минутта толыққанды веб-сайтты құра алатын онлайн сервис құрған.

"Клиенттің мәтіндік сұраныстары бойынша веб-сайт жасауға болады. Қарапайым тілде айтқанда, мысалы, гүл дүкені үшін шрифт таңдайсыз, түстерді қолданасыз, біздің жасанды интеллект толыққанды веб-сайт жасап шығады. Оны кейін жариялап, халыққа көрсетіп, сол арқылы табыс табуға болады. Яғни, бизнеске арналған веб-сайттарды жасауға болады", - дейді Астана РФММ оқушысы Арсен Қылышбек.

Бұл қызметтің аналогы жоқ екені айтылды. Идея Microsoft корпорациясының назарын аударатындай қызықты болған. Компания студенттерге 550 000 доллар грант берді.

"Грант олардың қызметтеріне несие түрінде. Яғни, бір жерде олардың серверлері, бір жерде төлем жүйелері, әртүрлі техникалық шешімдер және тағы басқалар. Бұл ақшаны басқа нәрсеге жұмсауға болмайды. Оны олардың қызметтеріне бөлуге болады", – деді Арсен Қылышбек.

Жоба әлі аяқталған жоқ. Арсен мен Владимир соңғы мәліметтерді пысықтап жатыр және оны келесі аптада іске қосады.

Жас IT мамандары өз жобасымен Еуропа мен АҚШ нарығына шығуды жоспарлап отыр. Арсен мен Владимир өздерінің стартаптарын танымал ете алатындарына сенімді. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін мектеп оқушылары оған дамытуды қаржыландыратын ірі инвестор табуға үміттенеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети