Астаналық өзін байланыс операторымын деп таныстырып, жұртты алдаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық өзін байланыс операторымын деп таныстырып, жұртты алдаған фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада жалған оператор абоненттерді алдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жалған оператор абоненттерді алдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорданың 23 жастағы тұрғыны өзін ұялы байланыс call-орталығының операторымын деп таныстырып, пайдаланушыларды алдаған. Әлеуметтік желілерде азаматтардың жеке деректерін қарап алып, оларға 450 мың теңге мөлшерінде ұтыс туралы хабарлама жіберген.

"Жүлдені алу үшін абоненттер өз балансын 10-12 мың теңгеге толықтыруы қажет болған. Сонымен бір уақытта, ұялы байланыс операторының мобильді қосымшасында ол басқа біреудің нөмірі мен клиенттер берген СМС-код нөмірлерін енгізген. Алайда, жалған операторға SMS-кодты хабарлағаннан кейін абоненттер салған қаражат олардың балансынан шешіп алынған. Бүгінде 10-ға жуық алданған азамат полицияға жүгінді, бірақ одан да көп зардап шеккендер болуы мүмкін. Залал сомасы анықталып жатыр. Дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды ұялы байланыс желілерінде жиі алдау жағдайлары туралы ескертеді.

"Есіңізде болсын, байланыс операторлары ешқашан абоненттерден құпия сөздерді, телефонға кодты және кез келген жеке ақпаратты енгізуді сұрамайды. Белгісіз адамдардың айтуы бойынша ешқандай әрекет жасамаңыз және оператордың абоненттік қызметіндегі ақпаратты тексеріңіз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети