Жыл басынан бері елордалық полиция қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.
Жыл басынан бері елордалық полиция қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.
30-дан астам террористік тұрғыдан осал объектінің жетекшілері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 149-бабының 1-бөлігі бойынша (өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және тиiсiнше орындамауы - 100-300 АЕК дейін айыппұл) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған және өндірілген айыппұл көлемі 7 миллион теңгеден асады.
Тексеру нәтижелері көрсеткендей, террористік тұрғыдан осал объектілерде инженерлік-техникалық қадағалау, бейнебақылау жүйесі мен дабыл қондырғыларының, басқаруды бақылау жүйесі, сондай-ақ, мамандандырылған күзет бомлаған.
Айта кетейік, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысында террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесі бекітілген. Объектілерді терроризмге қарсы қорғалуын бақылау және террористік тұрғыдан осал объектілерді ұйымдастыру міндеті ішкі істер органдарына жүктелген.