26 мамыр 2016 | 13:51

Астаналықтар елордада жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жердің жоқ екеніне сенер емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда тұрғындары жеке тұрғын үй құрылысына 10 сотық жер алуға құжат тапсыру үшін аудандық әкімдіктің алдына тағы кезекке тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Елорда тұрғындары жеке тұрғын үй құрылысына 10 сотық жер алуға құжат тапсыру үшін аудандық әкімдіктің алдына тағы кезекке тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктер Астанадан жеке құрылысқа жер берілмейтінін мәлімдесе де, адамдар "Сарыарқа" аудандық әкімдігінің алдына келіп жатыр.

Азаматтар өтініштерін жазып, оны кезектің сақталуын бақылап тұрған белсенділерге тапсырып жатыр.

Сонымен қатар, әкімдіктің жер мәселесімен айналыспайтын қызметкерлері де ғимарат алдына жиналған адамдарды күтіп алуға мәжбүр.

Әкімдіктің жанында жақын арада Астанадан жеке құрылысқа жер берілмейтіні дауыс зорайтқышпен айтылып жатыр. Дегенмен адамдар мұны елеместен, өтініш жазуды жалғастыру үстінде.

"Қазірге дейін 3200 өтініш қабылданды. Заң бойынша біз өтінішті қабылдауға міндеттіміз. Қазақ және орыс тілдерінде радио қойдық. Дегенмен халық бұған құлақ асар емес. Адамдар кезекте тұр, қоғамдық тәртіп бұзылып жатқан жоқ. Кеше 1155, алдыңғы күні 805 өтініш қабылданды. Саны артып жатыр. Кеше ұлттық экономика министрлігі түсіндіру жұмыстарын жүргізді", - деді жер қатынастары басқармасының басшысы Төлеуғазы Нұркенов Астана мәслихаты отырысынан кейін.

"Бұл қарапайым арандатушылық. Елдегі жағдайды ушықтырғысы келетін адамдар бар. Олар кез келген себепті пайдаланып, халықты алдайды. Адамдар тынышталар емес. 16 мамырдан бері дүрлігіп жүр. Қазір біз 8.30-18.00 аралығында өтініш қабылдап жатырмыз. Себебі түнге дейін оларды базаға енгіземіз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети