16 тамыз 2017 | 12:00

Астаналықтар емханаға бармай-ақ өз денсаулығы туралы біле алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астана тұрғындарында емханаға бармай өз денсаулығы туралы білу мүмкіндігі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылдың 16 тамызында сағат 10.00-де астаналық сауда үйлерінде "Өз денсаулығын өз қолында" атты скрининг акциясы өтті. Акция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің қолдауымен, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, № 6, № 9 қалалық емханалар және СӨС орталығының мамандарының қатысуымен өткізілді.


Иконка комментария блок соц сети

Астана тұрғындарында емханаға бармай өз денсаулығы туралы білу мүмкіндігі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылдың 16 тамызында сағат 10.00-де астаналық сауда үйлерінде "Өз денсаулығын өз қолында" атты скрининг акциясы өтті. Акция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің қолдауымен, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, № 6, № 9 қалалық емханалар және СӨС орталығының мамандарының қатысуымен өткізілді.

Әрбір қала тұрғыны мен қонақтарына "Керуен" және "Евразия" сауда орталығының аумағында тез уақытта тегін тексеруден өту мүмкіндігі ұсынылды, онда күні бойы әр түрлі бағыттағы мамандармен шағын дәрігерлік кабинеттер (кардиолог, онколог, эндокринолог, дерматовенеролог, психолог, нутрициолог) жұмыс істеді.

Бұл күні барлық ынта білдіргендер алдын алу мәселесі бойынша және ауруды ерте анықтау, қоршаған ортаның әр түрлі факторларының зиянды әсерін төмендету, дұрыс тамақтанбау туралы кеңестер алуға мүмкіндіктері болды. Сонымен қатар, қандағы глюкоза және холестерин деңгейін анықтау, қан қысымын өлшеу, май тканінің дене бұлшық еттер салмағын ескерумен өз дене салмағының индексін білу, сонымен қатар басқа медициналық қызметтерді пайдалану мүмкіндігі болды.

Денсаулықтың әлеуметтік және экологиялық детерминантар, демографиялық жағдайлар және тұрмыстық салттың өзгеруілері аурудың ауыртпалығын өзгертті: қазіргі күні аурулардың ауыртпалықтың негізгі бөлігі өлім-жітім және инфекциялық емес аурулардың бесеуіне келеді - жүрек- қан жолдары, онкология, созылмалы респираторлық аурулар, психиканың бұзұлуы және диабет. Бұның әлеуметтік- экономикалық салдары бар және денсаулық сақтау және елді дамыту жолында толық кедергі тудырады.

Жалпы өлім-жітім құрылымында 50 пайыздан аса қан айналым жүйесінің аурулары (ОНМК, инфаркт миокарда), қатерлі ісіктер, жазатайым уақиғалар, жарақаттар мен уланулар құрайды.

"2016 жылдың қорытындысы бойынша республиканың жалпы тұрғындарының аурушандық көрсеткіші 100 мың тұрғынға, 2015 жылғы ұқсас кезеңде 52410,7 қарағанда, 56823,3 құрады. Оның ішінде 2016 жылы қан айналым жүйесінің аурушандық көрсеткіші (ҚАЖ) 100 мын тұрғынға 2413,0 құрады. Бұл аурудың жоғары көрсеткіші Алматы қаласында (3180,1) және Солтүстік-Қазақстан(3137,3), Шығыс-Қазақстан (2999,3), Оңтүстік-Қазақстан (2807,8), Жамбыл (2703,7) және Қызылорда (2683,1) облыстарында байқалады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ҚАЖ-нен өлім-жітім 7 пайыз, оның ішінде ОИМ 10 пайыз, жіті ми қан айналымы (ЖМҚА) 9,4 пайызға төмендеген", - деді комитеттегілер.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, 2016 жылы қауіпті ісік ауруларының көрсеткіші 100 мың тұрғынға 199,1 құрады, 2015 жылы 207,7 болған. Қауіпті ісік ауру көрсеткіштерінің жоғарылығы Солтүстік-Қазақстан (337,8), Павлодар (302,3), Қостанай (299,8), Шығыс-Қазақстан (297,5), Қарағанды (289,8) облыстарында, бұл аурудың ерте сатысында онкоауруларды анықтауға скрининг зерттеулерін өткізу барысында анықталғаны байқалады.

Уақтылы диагностика өткізу арқасында уақытын өткізген жағдайлар (кеш диагностика) үлес салмағы түсу байқалады. Қарау және онкологиялық кабинеттер бөлігінде оң динамиканы байқауға болады, өйткені қатерлі ісікті уақытылы диагностикалауға қол жеткізілді, осыған орай жағдайдың толық жақсаруын және скрининг бағдарламасының жетерліктей тиімділігін көруге болады.

2016 жылы алғашқы қауіпті ісікпен (ҚІ) 36 998 пациент анықталды, осыған орай қатерлі ісік саны азайды, өздері жүгінгендер саны 80,1 % төмендеді, скрининг бойынша 7,9 пайызға дейін, ал кәсіби қаралу нәтижесінде белсенді анықталу 12 пайызға артты.

2016 жылы онкологиялық скринингтер нәтижесінде 2204 қатерлі ісік (омырау қатерлі ісігі- 891(I кезең - 39,1 пайыз), жатыр мойын қатерлі ісігі -189(I кезең - 54 пайыз), колоректальды қатерлі ісік - 475 (I кезең -21,1 пайыз), қуыс асты безінің қатерлі ісігі – 412 (I кезең - 38,8 пайыз), өңеш және асқазан қатерлі ісік - 221 (I кезең - 22,6 пайыз), гепатоцеллюлярлы бауыр қатерлі ісігі -12 анықталды.

2017 жылдың 1 жарты жылдығында 3618842 адам тексеруден өткен, оның 123992 адам скринингте оң нәтиже алған және бұл зеттеуден кейін 106608 адам "Д" есепке алынған.

Өткізілген акция тұрғындармен жаппай скрининг өткізуге дайындығын көрсетті. Осындай іс-шараларға сауда орталығының басшылары жағымды қөз қараспен қарап, олар скрининг логистикасын өндірісті тоқтатпай және барлық ынта білдірушілер тексеру өтулеріне мүмкіндік жасадыі. Жаппай акция жоғары тиімділікті және тұрғындар арасында қызығушылық танытты. Ұқсас акцияларды өткізу, пациенттерді қамту және географиялық іс-шараларды кеңейтумен жалғастырылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети