29 тамыз 2024 | 10:02

Астаналықтар жолдардан ерекше камера байқады: ол не үшін қажет?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Эльдар Нуруллин Фото ©️ Эльдар Нуруллин

Астана жолдарында антеннасы немесе шағылыстырғышы бар камераға ұқсас ерекше құрылғы пайда болды. Ол не үшін қажет және нені тіркейді? Tengrinews.kz тілшісі анықтады.


Иконка комментария блок соц сети

Астана жолдарында антеннасы немесе шағылыстырғышы бар камераға ұқсас ерекше құрылғы пайда болды. Ол не үшін қажет және нені тіркейді? Tengrinews.kz тілшісі анықтады.

Камераны елорданың қиылыстарынан көруге болады. Мысалы, Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында. Бұл құрылғының не үшін қажет екенін анықтау үшін елорда әкімдігіне жүгіндік.

Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының мәліметінше, құрылғы - елорда жолдарындағы автомобиль ағынын реттейтін зияткерлік көлік жүйесінің бөлігі. Яғни, ол ақылды бағдаршамдардың жұмысын басқарады.

"Мысалы, Сарыарқа даңғылында кептеліс болса, ол осы көше үшін жасыл сигналды қосады. Сол сияқты - Кенесары үшін", - деп түсіндірді басқарма.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының ақпараты бойынша, бүгінде елордада бұл жүйеге 345 бағдаршам қосылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети