17 қараша 2023 | 16:56

Астаналықтар көлік тұрағы үшін қанша ақша төледі?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:facebook.com/astanapark.kz

Астаналықтар мен қала қонақтары ақылы тұраққа қанша ақша төледі. Бұл туралы "Астананың тұрақ кеңістігі" ЖШС мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астаналықтар мен қала қонақтары ақылы тұраққа қанша ақша төледі. Бұл туралы "Астананың тұрақ кеңістігі" ЖШС мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2023 жылы ақылы автотұрақтарға төленген қаражат 201 миллион теңге, ал бүкіл кезең бойынша 450 миллион теңге болды. Астананың 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, елорданың көлік бағдарламасы жеке автокөлікті пайдалануды одан әрі төмендетуді және ақылы тұрақ орындарының санын ұлғайтуды көздейді", - деп хабарлады компания.

Реклама
Реклама

Бүгінде елордада 7300 ақылы автотұрақ бар. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісіміне сәйкес, елордада ақылы автотұрақтардың саны шектеулі, 10 мың орыннан аспайды. Автотұрақ орындарын әкімдік белгілейді.

Еске салайық, 1 қазаннан бастап сенбі, жексенбі және мереке күндері Астанада автотұрақтар ақылы болды. Автотұрақ құны сағатына 100 теңге.

Көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзғаны үшін айыппұл 3 АЕК, яғни 10 350 теңге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная